Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Қазақстандағы автолизинг бағдарламасы: мәселелер мен перспективалар «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Қазақстандағы автолизинг бағдарламасы: мәселелер мен перспективалар

    Дмитрий Попко Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды

    Дмитрий Попко Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды

    Фото: gettyimages

    Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария есті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 77-ден 76-ға ауысса, Александр Шевченко 105-тен 106-ға сырғыды.

    Соңғы екі аптада Мексикада сәтті өнер көрсеткен Дмитрий Попко әлемдік рейтингіде жоғарылап келеді. Бұдан бір апта бұрын ол 245-тен 175-орынға көтерілсе, қазіргі кезде әлемнің 159-ракеткасы атанып отыр. Михаил Кукушкин 160-тан 162-ге төмендегендіктен, Д.Попко Қазақстанның үшінші ракеткасы болды.

    Тимофей Скатов 174-тен 179-ға, Бейбіт Жұқаев 192-ден 205-ке түсіп қалды.

    Жұптық сында Александр Недовесов 84-тен 109-ға құлдыраса, А.Бублик 133-те тұр.

    Әйелдер арасында Елена Рыбакина WTA рейтингісінде оныншы, Юлия Путинцева 23-орнын сақтады.

    Жұптық сында Анна Данилина 17-ден 18-ге сырғыса, Ю.Путинцева 75-інші, Жібек Құламбаева 162-орнында қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →