Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің финалында есе жіберді

    Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің финалында есе жіберді

    Фото: ehonews.kz

    Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Морелос (Мексика) челленджер турнирінің финалына дейін жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 168-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен бас жүлдені сарапқа салды.

    Бірінші партияда швейцариялық спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Попко есе қайтарды – 6:3.

    Шешуші, үшінші сет Хюслердің пайдасына шешілді – 6:4.

    Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матч барысында Попко 7 эйске қоса 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Хюслер 12 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

    Бұдан бұрын Морелиядағы осындай жарыста жеңімпаз атанған Д.Попко әлемдік рейтингіде 175-тен 159-орынға көтеріледі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →