Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

Фото: Айғақ

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір-31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:

1) ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;

2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

3) өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)

Шетел азаматтары үшін:

Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

«Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз», – делінген министрлік хабарламасында.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика