Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті

    Қазақстандық пара спортшы әлемдік дода күміс жүлдегер атанды

    Қазақстандық пара спортшы әлемдік дода күміс жүлдегер атанды

    Пара үстел теннисінен Испанияда өткен ITTF World Para Future Costa Brava 2025 халықаралық турнирінде қазақстандық Алтынай Ержанқызы күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Дүбірлі додада 29 елден 164 спортшы күш сынасты. Елорда әкімдігінің мәліметінше, Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Алтынай Ержанқызы аралас жұптық (XD20) санатында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

    «Бұл турнир мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әрбір ойын – өз алдына бір сынақ, бар күшімді салып, елімнің намысын абыроймен қорғауға тырыстым. Қасымдағы серіктесіммен жақсы үйлесім тауып, жоғары нәтиже көрсете алдық. Әрине, алтын жүлдеге бір қадам жетпей қалғанымыз өкінішті, бірақ бұл – жаңа белестерге ұмтылуға үлкен мотивация.

    Жеңісіме қолдау білдірген бапкерлеріме, жанкүйерлеріме, отбасыма алғыс айтамын. Бұл – мені қолдаған барша жанның ортақ жетістігі!» – дейді Алтынай Ержанқызы.

    Фото: Астана әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →