Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды •

    Қазақ боксшысы WBC рейтингінде көш бастады

    Қазақ боксшысы WBC рейтингінде көш бастады
    Фото: instagram.com/meiirim.nursultanov

    Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде бірінші орынға көтерілді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

    WBC түрлі салмақ дәрежелері бойынша жаңа рейтинг жариялады. Орта салмақтағы өзгерістер нәтижесінде бұған дейін үшінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов үздік боксшылар тізімінде көш бастады.

    Айта кетейік, WBC бұған дейін Мейірім Нұрсұлтановқа өз белбеуі үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігін берген болатын. Қазақстандық боксшының қарсыласы Карлос Адамес пен Хамза Шираз жекпе-жегінің жеңімпазы болуы керек еді. Алайда бұл кездесу тең нәтижемен аяқталды, енді доминикандық чемпион Адамес белбеуін Нұрсұлтановқа қарсы қорғауы тиіс.

    Сондай-ақ, Карлос Адамес WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген. Доминикандық боксшы тіпті қазақ боксшысына келісімшарт жібергенін айтқан, алайда Әлімханұлы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Кейін Адамес Жәнібек Әлімханұлының өзімен жекпе-жектен қашып жүргенін айтып, оны «қорқақ» деп атады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →