Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды •

    Азиада-2025: хоккейден ел құрамасы қарсыласын ойсырата жеңді

    Азиада-2025: хоккейден ел құрамасы қарсыласын ойсырата жеңді

    Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстандық команданың қарсыласы Қытай Тайбэйі командасы болды. Кездесу 17:0 есебімен Олег Болякин шәкірттерінің ірі жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Кирил Панюков бес гол соқса, Әлихан Өмірбеков пен Руслан Оспанов екі голдан соқты.

    Сондай-ақ Андрей Буяльский, Арсений Лихотников, Евгений Рымарев, Артур Королев, Кирилл Савицкий, Самат Данияр, Дмитрий Гренц, Александр Борисевич пен Денис Шаропов бір голдан соқты.

    Осылайша, отандық хоккейшілер биылғы 2025 жылғы Азия ойындарында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін ертең, 8 ақпанда Жапонияға қарсы өткізеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →