Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды

    Спорттағы мансабын аяқтаған Қамшыбек Қоңқабаевты жаңа қызмет күтіп тұр

    Спорттағы мансабын аяқтаған Қамшыбек Қоңқабаевты жаңа қызмет күтіп тұр

    Фото: oldkaz.kyzylorda-news.kz

    Бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалады. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтия Артаев өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

    «Өңірде боксты дамытуға барынша бет бұрамыз. Өздеріңіз белгілі, жуырда 81 келі салмақ дәрежесінде Азамат Бектас ел чемпионы атанды. Бұл жетістікті одан әрі жандандыруымыз қажет. “Тарлан” бокс кешенін мемлекеттің балансына алуды жоспарлаудамыз. Егерде бұл жұмысымыз ойдағыдай аяқталса, Сыр өңірінің мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаевты жұмысқа қабылдап, жұмысты одан әрі жандандырамыз. Сонымен қатар, Тұрсынбай Құлахмет секілді жас мамандарды да шәкірт тәрбиелеу жұмысына тартып жатырмыз», — деді басқарма басшысы.

    Айта кетейік, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жылдың басында спорттағы мансабын аяқтағаны туралы айтылды. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы мансабында Токио олимпиадасының қола,  екі дүркін ӘЧ күміс (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс (2017, 2019, 2021) жүлдегері атанды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →