Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті • Шымкентте ер адамды пышақтап өлтірді: күдікті — жұбайы • Тоқаев Германиямен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті • Шымкентте ер адамды пышақтап өлтірді: күдікті — жұбайы • Тоқаев Германиямен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды •

    Алматы облысында 72 жастағы ақсақал 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

    Алматы облысында зейнеткер 12 жастағы қызды зорлаған. Жаға ұстатар жайт Ұйғыр ауданының орталығы Шоншы ауылында болған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. 72 жастағы қария УҰО-ға қамалды.

    «13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған болатын. Бұл дерек ҚР ҚК 120-бабының белгілері бойынша тіркелді. Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толық және объективті тексерілуде», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

    ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Ал БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, педофилдің оқушы қызбен кездескенін мектептің мұғалімдері де көрген. Кейін қыз бала барлық оқиғаны мектеп қызметкерлеріне айтып берген.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →