Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды

    Димаш Құдайбергеннің әні iTunes және Amazon платформаларында топ жарды

    Димаш Құдайбергеннің әні iTunes және Amazon платформаларында топ жарды

    Фото: Instagram / Dimash Qudaibergen

    Халық әртісі Димаш Құдайберген орындаған туынды америкалық чарттарда алдыңғы орынға шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Аталған платформаларға өнер иесінің Smoke әні жүктелген еді.

    “Аргентина, Англия және Американың бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше талантты, қарапайым өмірлік ұстанымдары бар, мәдени тұлғалық қасиеттері үйлескен, әлемнің әртүрлі елінде жанкүйерлерінің сүйікті әншісіне айналған қазақстандық өнерпаз туралы бірнеше рет мақалалар жариялаған болатын», – деп жазды Dimashnews.kz сайты.

    Мысалы, америкалық Haute Living басылымы өнер иесінің талантына оң баға берді.

    “Димаш Құдайберген бүкіл әлем бойынша көрермендерді неоклассика, поп-музыка, қазақ фольклоры мен заманауи музыканың бірегей бірігуімен баурап алып, Азияның ең танымал әртістерінің біріне айналып жатыр. Димаштың өнердегі еркіндігі оған қайталанбас және мәңгі есте қаларлық дыбыстық ландшафт жасау үшін дәстүрлі қазақ әуендерін әлемдік музыкамен араластыра отырып, әртүрлі музыкалық стильдерді еркін зерттеп, жаңа өнер жауһарын ойлап табуға мүмкіндік беруде. Димаш үшін музыка – жай ғана көңіл көтеру құралы емес, бұл әлемдік сахнада Қазақстанның бай мәдениетін көрсетуге арналған платформа», – деп жазды аталған басылым.

    Айта кетейік, 30 қаңтарда Smoke трегі америкалық чарттарда алдыңғы қатарға шықты. iTunes Top 100 қосымшасында ән 32-орында тұр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →