Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті • Шымкентте ер адамды пышақтап өлтірді: күдікті — жұбайы • Тоқаев Германиямен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды • Дәрігерлер Z ұрпағының денсаулығындағы жиі кездесетін мәселелерді атады • Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті • Шымкентте ер адамды пышақтап өлтірді: күдікті — жұбайы • Тоқаев Германиямен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды • Дәрігерлер Z ұрпағының денсаулығындағы жиі кездесетін мәселелерді атады •

    Павлодарда ағасын өлтірген адамға қатысты сот үкімі шықты

    Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, сотталушы кінәсін толық мойындап, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today

    Іс материалына қарағанда, 2022 жылғы 8 қарашада сағат 18:00 шамасында Павлодар қаласында екі ер адам мас болып, Ленин кентіндегі үйлерінде бір-бірімен ұрсысып, жанжал шығарған. Сол кезде інісі ас үй бөлмесіндегі пышақты алып, диванда жатқан ағасының кеудесінің оң жағына пышақ салған. Осыдан кейін ағасынан қан кетіп, ол сол жатқан жерінде көз жұмған.

    Мойындау айғақтарынан басқа, сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен расталады, – деп хабарланды Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында.

    Сот істі қарап, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп таныды. Ағасын өлтірген адам 8 жыл бас бостандығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →