Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес

    Қоғам белсендісі: Сыздықбековке ең мықты блогер деген атақ беру керек

    Қоғам белсендісі: Сыздықбековке ең мықты блогер деген атақ беру керек

    Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековты әбден сынады. Құқық қорғаушының ойынша, Сыздықбековке «мықты блогер» деген атақ беру керек, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Әкімнің әрекеті турады ойын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

    «Біраз әлеуметтік желіден демалған едім, кіріп қалсам Шымкенттің әкімінен басқа әкім жұмыс істемей жатыр ма деп ойлап қалдым.

    Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтың видеоларын көріп,  бұл  адам әкім емес,  блогер бола салу керек еді деп отырмын. Кімнің сайты екенін жарнамаламай-ақ қояйын, жағымпаздықтың шегі жоқ деген осы шығар. Ештеңе таппағандай әкімнің жәй ғана қате әріп тапқанын мақтанып салып қойыпты.

    Әкімнің қалай жұмыс істеп жатқаны жазбай-ақ қояйын десем, өздерің осылай қолымды қышытасыңдар!

    Мақтанудың шегі бар ғой! Президент әкімшілігі әкімдердің рейтінгін өздері тендер бөлетін сайттардың жазбаларымен бағалайсыңдар ма, әлде қарапайым халықтан түсіп жатқан шағымдармен бе?

    Негізі Сыздықбековке ең мықты әкім емес, ең мықты  блогер деген атақ беру керек еді. Видео түсіріп жүргендер әкімдеріңе сәл рөлге кіруді де үйретсеңдерші, әйтпесе, видеоларың тым жасанды!», – деп жазды заңгер.

    Коллаж: Sn.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →