Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды

    Бокстан Қазақстан құрамасы 2025 жылы екі әлем біріншілігіне қатысады

    Бокстан Қазақстан құрамасы 2025 жылы екі әлем біріншілігіне қатысады

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов ұлттық команданың 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы Қайрат Сәтжанов «Спорт министрі» YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.

    Келесі жылы қазақстандық боксшылар екі әлем чемпионатына қатысады. Оның бірі Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын турнир болса, екіншісін World Boxing өткізеді.

    Бұл жарыстарға дайындық барысында бірнеше оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық турнир жоспарланған. Қаңтар айында Испанияда бірлескен жаттығу лагері мен халықаралық турнир өтеді. Ақпанда Болгарияда дәстүрлі «Странджа кубогы» турнирі ұйымдастырылады. Ал наурызда Ресейдің Кисловодск қаласында Ресей, Өзбекстан және Әзербайжан құрамаларымен бірге жаттығу жиындары мен турнирлер өткізу жоспарлануда.

    IBA әлем чемпионаты мамыр айында Түркияда өтеді. Бұрын бұл жарыс Астанада өтеді деп жоспарланған еді, бірақ кейін орын ауысты. Ал World Boxing чемпионаты қыркүйек айында алғаш рет ұйымдастырылмақ.

    Қайрат Сәтжановтың айтуынша, барлық ұлттық құрама спортшылары осы турнирлер мен жаттығу жиындарына қатысады. Бұл арқылы әр боксшының шеберлігі бағаланып, болашаққа нақты жоспар жасалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →