Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) •

    Алматыда екі блогер қамауға алынды

    Алматыда екі блогер қамауға алынды

    Алматыда блогер Антон Князев пен Дамир Кушеев құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасы мәлімдеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    «17 желтоқсан күні Алматы қаласы прокуратурасының Азаматтарды қабылдау орталығы (АҚО) ғимаратына блогерлер Антон Князев пен Дамир Кушеев келді. Бұған дейін олар қызметтік көліктер мен прокуратура қызметкерлерінің кіріп-шығуын бейнетаспаға түсірген болатын.

    Антон Князев пен Дамир Кушеев прокуратура аумағында жүрген кезде АҚО қауіпсіздік қызметкерлеріне қасақана және дөрекі түрде кедергі жасап, олардың жұмысына бөгет келтірген. Сондай-ақ автотұраққа кіріп жатқан көліктердің алдыңғы терезелерін ұрып, жүргізушілерге тиіскен, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. Осы себепті олар Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

    Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Антон Князев пен Дамир Кушеев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген хабарламада.

    Алматы қаласының прокуратурасы қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын еске салады және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →