Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Пайызсыз» дегеннің нақты бағасы 37 пайыз: бөліп төлеу неге көрінбейтін қарызға айналды? • «Саған мұңымды шағамын»: Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра туралы жазды • Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО) • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • «Пайызсыз» дегеннің нақты бағасы 37 пайыз: бөліп төлеу неге көрінбейтін қарызға айналды? • «Саған мұңымды шағамын»: Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра туралы жазды • Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО) • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған •

    Қарлы боран, көк тайғақ, қатты аяз: «Қазгидромет» елге ескерту жасады

    Қарлы боран, көк тайғақ, қатты аяз: «Қазгидромет» елге ескерту жасады

    Фото: yandex

    «Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің көп бөлігінде қатты аяз бен қарлы боран болады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Синоптиктердің сөзінше, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Оңтүстік өңірде көктайғақ болса, орталық пен солтүстік Қазақстанда қарлы боран тұрып, қатты аяз жүреді.

    «Аптаның басында Солтүстік циклон жырасы республиканың көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды: қар, боран, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

    Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: түнде елдің батысында 0-8 аязға дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 10-18 аязға дейін, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7-20 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 5-13 аязға дейін», — делінген хабарламада. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →