Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Доллар бағамы 440 теңгеден де төмен түсті • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Доллар бағамы 440 теңгеден де төмен түсті • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды •

    Қазақстанға жыл басынан бері 5 мыңға жуық қандас оралды

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі есеппен 4 575 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    «Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды», — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

    Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

    Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы – жоғары білімді, 39,9%-ы – орта кәсіби білімді, 36,7%-ы – жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →