Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр

Пәтер талап еткен: Жетісу облысында бастығын бопсалаған қызметкер 8 жылға сотталды

Пәтер талап еткен: Жетісу облысында бастығын бопсалаған қызметкер 8 жылға сотталды

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен аса ірі мөлшерде бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Іс материалдарына сәйкес, биыл мамыр айының соңында ер адам бұрын жұмыс істеген ЖШС басшысымен кездесіп, серіктестік тарапынан жасалған бұзушылықтар туралы ақпарат бар екенін айтқан. Осы ақпаратты жария етпеу үшін ол заңсыз түрде С.-дан құны 16 млн теңгеден асатын пәтерді өз меншігіне беруді талап еткен.

Осыған байланысты жәбірленуші полицияға жүгінген. 2024 жылғы 5 маусымда тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ер адам жеке нотариус кеңсесінде ұсталды.

Алқабилердің кесімімен И. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жас балаларының болуын ескеріп және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескеріп, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика