Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • Еліміз Германия компанияларын цифрлық технологияларға инвестиция салуға шақырды • Мемлекет жедел әрекет етуден жүйелі шешімдерге көшті — сарапшы Маңғыстаудағы трагедия туралы • Тоқаев Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды • Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • Еліміз Германия компанияларын цифрлық технологияларға инвестиция салуға шақырды • Мемлекет жедел әрекет етуден жүйелі шешімдерге көшті — сарапшы Маңғыстаудағы трагедия туралы • Тоқаев Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды • Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды •

    Жигули Дайрабаевтың екі ұлы шартты түрде 5 жылға сотталды

    Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаевқа Тараз қаласының №2 соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарды.

    Еске ала кетейік, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Ерлан Құлкеев, кәсіпкерлер Елжан Елібай, Дидар Молдақалық және Марат Дайрабаев субсидия қағидаларын бұза отырып, «Альбион» құлпынай көшеттеріне мемлекеттен субсидия алған.

    Оның бір бөлігі алаяқтық жолмен ұрланып, жеке қажеттілігіне жұмсалған. Мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келді.

    Осының ішінде Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев — Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары.

    Сотта айыптылардың кінәсі толық дәлелденді.

    Өз кезегінде сотталушылар кінәсін мойындамай, ақтауды өтінді.

    Басқарма басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев 6 жылға сотталды, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.

    Ал Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев 5 жылға шартты түрде сотталды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →