Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті Аргентина Швейцарияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қазақстандық журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев қайтыс болды Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті Аргентина Швейцарияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қазақстандық журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев қайтыс болды Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты

Сәбиін өлтірген: Алматы облысында жаңа туған нәрестенің денесі қараусыз ғимараттан табылды

Сәбиін өлтірген: Алматы облысында жаңа туған нәрестенің денесі қараусыз ғимараттан табылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды.

Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен сәбидің анасы ұсталды. Қазір күдікті әйел ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізілуде», – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция қылмыстық-процестік кодекске сәйкес қылмыстық іске қатысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын атап өтті. Еске салсақ, бұған дейін Алматыда қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы жазған едік.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →