Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Түркияда балалардың өліміне себепкер болған дәрігерлер 589 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ

    Түркияда балалардың өліміне себепкер болған дәрігерлер 589 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ

    Түркияның Стамбул қаласында прокурорлар 21 сәбидің өліміне әкеп соқтырған заңсыз әрекеттерді жасаған бір топ дәрігерді 10 жылдан 589 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Hürriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері жаңа туған нәрестелерді мемлекеттік емдеу мекемелеріне емес, жеке клиникаларға жіберіп отырған.

    Тергеу мәліметінше, қылмыстық желіні Стамбулдағы Эсенюрт ауруханасында жұмыс істеген педиатр Фырат Сары басқарған. Күдіктілер балаларды алдын ала келісім шарт жасасқан жекеменшік медициналық орталықтарға жіберіп отырған. Бөлімше басшылығы жаңа туған нәрестелерді клиникада ұзақ ұстап, емдеуді үш-төрт есе қымбаттатқан.

    Басылым бұл іске қатысқан 19 жеке клиниканың тізімін жариялады. Ал іс бойынша ондаған күдікті бар.

    Тергеу мәліметінше, сәбилердің өліміне неонаталдық бөлімшелердегі инфекциялардың таралуы себеп болған. Тіпті бұл бөлімшелерде қажетті мамандар болмаған. Кейбір жағдайларда өзін дәрігер ретінде көрсететін медбикелер нәрестелердің күтіміне жауапты болған. Топ мүшелеріне тағылған айыптар арасында ауруханаларға арналған дәрі-дәрмектерді сату дерегі де бар.

    Банда басшысына адам өлтірді, жалған құжат жасады, алаяқтық жасады және қылмыстық топ ұйымдастырды деген айыптар тағылды. Ол енді 589 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Басқа қатысушылар 10 жылдан 437 жылға дейін сотталмақ.

    Фото: superhaber.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →