Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген қарындасының тойында ән айтып, желіде пікірталас тудырды Қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбай Канададағы беделді университетке жұмысқа орналасты Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшуінің шын себебін айтты Кабинеттен кабинетке: Емханадағы жаңа тәртіп пациенттің жолын қысқарта ала ма? Сандуғаш Стамғазиева сахнаға оралып, шығармашылығын қайта жандандыратынын айтты Балалар контенті – Қазақстанның адами капиталына салынатын инвестиция Димаш Құдайберген қарындасының тойында ән айтып, желіде пікірталас тудырды Қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбай Канададағы беделді университетке жұмысқа орналасты Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшуінің шын себебін айтты Кабинеттен кабинетке: Емханадағы жаңа тәртіп пациенттің жолын қысқарта ала ма? Сандуғаш Стамғазиева сахнаға оралып, шығармашылығын қайта жандандыратынын айтты Балалар контенті – Қазақстанның адами капиталына салынатын инвестиция

    Алымсақтық жасаған таксист қызды қамап, қашуға тырысты — видео 2,5 млн. рет көрілді

    Алымсақтық жасаған таксист қызды қамап, қашуға тырысты — видео 2,5 млн. рет көрілді

    Жолаушы қызға алымсақтық жасаған таксист Жаңа адамдар белсенділерінен кешірім сұрады.

    Ерполат Аманжолұлы Жаңа адамдардың «Тұмар» командасы жүргізген кезекті рейд барысында ұсталды. Белсенділер түнгі уақытта Алматыда қыздарға такси қызметтерін пайдалану қаншалықты қауіпсіз екенін тексеруге шықты. Сапар барысында жүргізуші дөрекілік танытып, қызға тиісе бастады. Оның орынсыз әрекеті ұялы телефон камерасына түсіп қалды. Ерполат жанындағы жолаушының қарапайым қыз емес екенін, арттарынан күзет көлігі еріп келе жатқанын түсінгенде, есікті құлыптап, қызбен бірге қашып кетуге тырысты. Қысқа уақытқа созылған қуғын барысында таксист көлігінің нөмірін жоғалтып алды.

    Оқиғаға қатысты бейнежазба жарияланғаннан кейін, Ерполат Жаңа адамдардың кампусына келіп, мәселені «тыныш қана» шешуге тырысты. Жүргізуші бейнежазбаны Желіден өшіру үшін ақша ұсынды. Бірақ ойы жүзеге аспады. Ерполаттың жасаған әрекетін оның әйелі, туыстары және интернеттегі  бейнежазбаның 2,5 миллионнан астам көрермені біліп үлгерді.

    Ақырында Ерполат кампусқа қайта келді. Бұл жолы ақша ұсынуға емес, кешірім сұрауға. Көлік жүргізушісі өзі алымсақтық жасаған қыздың алдында кешірім сұрады. Бұл оқиға Ерполат Аманжолұлына шынымен әсер етіп, дұрыс қорытынды шығарады деп үміттенеміз.

    «Тұмар» азаматтық науқанының статистикасына сәйкес, қыздардың 67%-ы таксиде алымсақтыққа тап болады. Алайда құрбандардың басым бөлігі бұл оқиғаларды жарияламай-ақ қоюды жөн көреді. Оларға бұл туралы естен шығарған оңайырақ. Жаңа адамдар еске салады: Осындай жағдайларды жария ету ғана болашақта олардың алдын алатын болады. Алымсақтық оқиғалары туралы айтып, полицияға арыз жазыңыздар, азғындардың жүздерін көрсетіңіздер. Олар өз әрекеттерінің бүкіл елге мәлім болуынан ғана сескенеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →