Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді

    Зеленский Украинадағы соғыс қашан аяқталатынын айтты

    Зеленский Украинадағы соғыс қашан аяқталатынын айтты

    Фото: Украина Президентінің баспасөз қызметі

    Украинадағы соғыс 2025 жылы аяқталуы мүмкін. Мұндай болжамды Украина президенті Владимир Зеленский Хорватияда өткен саммитте мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Сөзінше, соғысты 2025 жылдан кешіктірмей аяқтау үшін шешуші шаралар қабылданбақ.

    “Президент Байденнің әрекетін күтеміз, біз Ұлыбритания, Франция, Германия және Италияның соғысты тоқтатуға бағытталған қадамдарын күтеміз», – деді Зеленский.

    Саммитте Киев пен Загреб арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Хорватия миналардан тазарту және жаралыларды сауықтыру үшін көмек көрсетуге, сондай-ақ Украинаның Еуропалық Одақ пен НАТО-ға қосылуын қолдауға уәде берді.
    Содан кейін Зеленский Еуропа елдеріне сапары аясында Ұлыбритания және НАТО жетекшілерімен «жеңіс жоспарын» талқылау үшін кездесті.

    Келіссөздерге Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер мен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттеден басқа, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми, қорғаныс министрі Джон Хили және қарулы күштер басшысы адмирал Тони Радакин де қатысты.

    Лондондағы келіссөздерден кейін Зеленский Францияға барып, президент Эммануэль Макронмен кездесті. Украина басшысы Италияға барар алдында Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен «жеңіс жоспарын» талқыламақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →