Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 6 тамыз 2026 $ 471,0 543,4 5,85
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО) Түрмеде ақша бопсалаған: ШҚО-да сотталғандарға тағы үкім шығып, жазалары ауырлады 100 мың теңге төлеп, нәжіске шомылған: Алматы облысында демалушылар шу шығарды «Күзде той жасаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО) Айгүл Иманбаева бір әкеден туған бауырлар туралы пікірін білдірді Мақпал Жүнісова мен Бүркіттің дүкендегі кездесуі желіде қызу талқылануда 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО) Түрмеде ақша бопсалаған: ШҚО-да сотталғандарға тағы үкім шығып, жазалары ауырлады 100 мың теңге төлеп, нәжіске шомылған: Алматы облысында демалушылар шу шығарды «Күзде той жасаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО) Айгүл Иманбаева бір әкеден туған бауырлар туралы пікірін білдірді Мақпал Жүнісова мен Бүркіттің дүкендегі кездесуі желіде қызу талқылануда

    «Мұқағали сорлы еркек»: Мақатаевты қорлаған тиктокер ақынның ескерткішіне барып, тізерлеп кешірім сұрады (видео)

    «Мұқағали сорлы еркек»: Мақатаевты қорлаған тиктокер ақынның ескерткішіне барып, тізерлеп кешірім сұрады (видео)

    TikTok желісінде Әлішер Теменов есімді жігіт Мұқағали Мақатаевты “сорлы еркек” деп атап, сынның астында қалған болатын. Елдің сынына қалғаннан кейін ол ақынның ескерткішіне барып кешірім сұраған.

    Ол роликтерінің бірінде Мұқағали Мақатаевты өміріне шағымдана беретін сорлы еркек деп атаған.

    «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай» дейді. «Ей, сен жаман сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді. Сосын барамыз ғой. «Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай» дейді. Құдайдың не қатысы бар? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой, не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен «үйді қашан береді» деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің», – дейді ол.

    Блогер бұл сөздерінен кейін қоғам сынына ұшырады.

    «Басқа пәле тілден» деген. Хайп қуып, ақша табамын деді ме екен, мына «оттап» отырған сорлыны Қарасаздың жігіттері алып кетіпті. Әйелі үйінде жан таппай отыр екен. Онлайн кешірім сұрағанына да қарамаған.

    Қазір әлеуметтік желіде «парақшам өзімдікі, не айтам өзім білемін, ұнамаса жазылымды алып таста» деп қуып отыратын «данышпандар» көбейген. Оларға заң жүрмейтін сияқты. Мына шаласауатты Нарынқолдың жігіттері мертіктірмей аман жіберсе болды. Ауыз өзімдікі екен деп оттай беруге болмайтынын жақсылап ұқтырды деп ойлаймын», — деп жазды журналист Гүлбану Әниятқызы.

    Блогердің осы әрекетінен кейін Мұқағали Мақатаевтың ескерткішінің алдына барып, басын иіп кешірім сұраған видеосы тарады.

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →