Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    «Депутат болу – халықтың үні болу деген сөз»: Тоқаев мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысты

    «Депутат болу – халықтың үні болу деген сөз»: Тоқаев мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумындағы сөзі басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    «Баршаңызды мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумының ашылуымен құттықтаймын!

    Шын мәнінде, бұл жиынның мән-маңызы айрықша. Депутаттар – өзекті мәселелерді ашық айта білетін, азаматтардың қоғамдағы ой-пікірін атқарушы билікке тікелей жеткізетін қауым. Бір сөзбен айтсақ, депутат болу – халықтың үні болу деген сөз. Мысалы, жаңа ғана сөз сөйлеген азаматтар өте маңызды мәселелерді көтерді. Әсет Махамбетовтің білікті маман ретінде атом энергиясы туралы пікірі өзекті. Сырымбек Сәрсембаев моно-қалаларды дамыту жөнінде жақсы ұсыныстар айтты. Ринат Заитовтың ұлттық өнерді қолдау туралы пайымдары да орынды. Депутаттар Юлия Кучинская және Евгений Буслаев та өте өзекті пікірлерін айтты.

    Мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы. Аймақ жұртшылығының тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы қашанда мәслихат депутаттарының жіті назарында болуға тиіс. Сайлаушылардың мүддесін қорғап, ел үмітін ақтау – басты парыз. Мен мәслихаттардың қызметіне ерекше мән беремін. Жалпы, елімізде 3300-ден астам мәслихат депутаты бар. Соның 70 пайызына жуығы осы залда отыр».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →