Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді «Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады 8 жасар қазақ қызы Қытайда үш медаль жеңіп алды Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта күтпеген шешім шықты «Арманыма жеттім»: Сәкен Майғазиев қуанышты хабарын айтты Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді «Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады 8 жасар қазақ қызы Қытайда үш медаль жеңіп алды Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта күтпеген шешім шықты «Арманыма жеттім»: Сәкен Майғазиев қуанышты хабарын айтты

    Молданың боди-массаж жасатып, жөзөкшелерге баратыны рас па – Атырау мешіті ресми жауап берді

    Молданың боди-массаж жасатып, жөзөкшелерге баратыны рас па – Атырау мешіті ресми жауап берді

    Атырау облысының орталық мешіті «Құспан молла» мешітінің имамы аморалды әрекеттерге барады деген айыпты жоққа шығарды.

    Бұған дейін «Атырау қаласының «Құспан молла» мешітінің молдасы Эммат Ғұмаровтың мүфтият басшылығына Атыраудың бекіресі мен қара уылдырығын ай сайын жіберіп тұрады, кәсіпкерлер мен меценаттардың арқасында байып, үйір-үйір жылқы,жүздеген түйе мен сиыр-қойға ие болды, одан қалса, анаша шегіп, жеңілтек қыздарға боди-массаж жасатқызады, жыныстық қатынасқа түседі, анайы әзілдер айтады деп кінәлаған бір топ жамағаттың арызы жарияланған болатын.

    «Атырау облысының орталық «Иманғали» мешіті кейбір сайттарда, әлеуметтік желілерде Атырау қаласының «Құспан молла» мешітінің имамына қатысты тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, жалған жала екендігін хабарлайды.

    Біріншіден, Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің имамы қызметін пайдаланып, мүфтиятқа балық, уылдырық жібереді деген сөз жала. Мүфтиятқа Атыраудан «сыйлық» жіберу деген болған емес.

    Екіншіден, мешіт имамы бола тұра, үнемі насыбай, анаша шегеді, массажға барады деген сөздер мүлде ақылға сыймайды. Себебі, Құспан молла мешіті қаладағы ірі құлшылық орындарының бірі болғандықтан, бұл жерде атқарылатын жұмыс көлемі өте көп. Сондықтан, мешіттің бас имамы болғандықтан, салмақ та осы кісіге түседі. Яғни, имамның негізгі уақыты мешітте өтеді», — делінген түсініктемеде.

    Атырау облысының орталық мешіті молданың қызметін пайдаланып, қора-қора мал жиды деген сөз де теріске шығарды.

    «Атыраудың кәсіпкерлері арқылы мал жиды, байыды деген сөз шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта имамның күнделікті сауынға ұстап отырған бір бас сиыр, бір бас түйесі бар. Кәсіпкерлер арасында мешіттің керек жабдықтарына заттай көмек көрсетеді. Кәсіпкерлер тарапынан көрсетіліп отырған көмек түрі мешіттің ішкі құжаттарына есепке алынып отырады. Кісінің артынан жалған сөйлеп, жала жабу – дінімізде құпталмайтын іс екенін атап өткіміз келеді», — деп жазды мешіттің баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →