Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 5 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Рахат Сәрсеновтің үйіне қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімде жасады Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Рахат Сәрсеновтің үйіне қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімде жасады

    Жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау басталды

    Жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау басталды

    алантты авторларды қолдап, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңыздылығын ашуды көздейтін «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.

    Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу. Мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар сынды түрлі саланың мамандарының еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады.

    Бұл байқау тек мамандықтың ерекшелігін ашып көрсетумен шектелмей, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, олардың армандары мен күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын көркем түрде бейнелеуді талап етеді. Байқау жас авторларға еңбек адамдарының рухын, олардың ерекше қасиеттерін ашып, жаңа образдар жасауға мүмкіндік береді.

    «Жеңімпаз келесі жылы, яғни 2025 жылы Республика күнінде анықталады. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ең үздік кітаптың жарық көруін және бүкіл ел бойынша таралуын қамтамасыз етеді», – деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында.

    Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →