Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 5 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Рахат Сәрсеновтің үйіне қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімде жасады Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Рахат Сәрсеновтің үйіне қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімде жасады

    «Қарыз себеп болуы мүмкін»: Алматыда дзюдошыға шабуылдаған жағдайға қатысты мән-жай анықталды

    «Қарыз себеп болуы мүмкін»: Алматыда дзюдошыға шабуылдаған жағдайға қатысты мән-жай анықталды

    Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановқа бір топ адам шабуылдаған еді. Қазір соның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Видеодан скриншот

    Алматыда атақты дзюдошы Дамир Исаханов жүрек тұсынан пышақ жарақатын алды. Десе де спортшы аман қалды. Дамирдің таныстары бұған оған қарыз болғандар шабуылдауы мүмкін дейді.

    “Біреулер оған қыруар ақша қарыз болған. 300 мың долларға жуық қарыз алған. Оның жарты сомасы ретінде үй берген, қалғаны қайтарылмаған. Мейрамхананың жанына кездесуге шақырған. Дамир маған телефон соғып, заңгерлік кеңеске мұқтаж болғандықтан, онымен баруымды өтінді. Бізбен бірге Дамирдің енесі келді. Біз бәрін көрдік”, – деді заңгер Әлішер Әлішов.

    Шабуыл өткен дүйсенбіде болған. Автотұрақтағы төбелес бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Енесі мен адвокаты қансыраған спортшыны субұрқақтың жанынан тауып алды. Қазір спортшының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Күдіктілердің бірі ұсталды. Тергеудің егжей-тегжейлері әлі жарияланған жоқ.

    “Бұл факті бойынша Алматы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Еске салсақ, Алматыда дзюдодан Азия чемпионын бір топ адам соққыға жыққаны айтылған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →