Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Әуезов университетінің ректоры екі айға қамауға алынды

    Әуезов университетінің ректоры екі айға қамауға алынды

    Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовті екі ай мерзімге, яғни 18 қыркүйек пен 18 қараша аралығында қамауға алу шарасын белгіледі. Сондай-ақ Т және Б есімді күдіктілер де қамауға алынған.

    Бұған дейін күдіктілердің бірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры және ол пара бергені үшін күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болған.

    Сондай-ақ күдікті А. 25 қыркүйектен 25 қарашаға дейін үйқамақта болады.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры мен қалған ұсталғандардың нақты қандай күдікке ілінгені айтылмады.

    Еске салсақ, бұған дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталғаны айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →