Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 5 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Рахат Сәрсеновтің үйіне қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімде жасады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Түркияда төрт жасар бала көлік ішінде аптап ыстықтан қаза тапты «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Рахат Сәрсеновтің үйіне қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімде жасады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Түркияда төрт жасар бала көлік ішінде аптап ыстықтан қаза тапты

    Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті (видео)

    Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті (видео)

    Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып құлатты. Ол түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Qazaq.today.

    Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 қыркүйекте болған.

    «Кешкі сағат 18:40 шамасында Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі Атырау қаласындағы Сәтпаев-Ерниязов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерін қағып құлатқан. Сол сәтте полиция қызметкері жол қозғалысын реттеп тұрған. Түрлі дене жарақатын алған ол облыстық ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталды. Сараптамалар қорытындысына сәйкес, ол шешім қабылдау үшін сотқа жолданатын болады.

    «Жол-көлік оқиғасына себепкер болған көлік жүргізушісі көзі күнге шағылысқандықтан патрульдік полиция қызметкерін көрмей қалғанын айтады. Бірақ бұл жауапкершіліктен құтқармайды», — делінген ақпаратта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →