Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 461,3 538,8 5,49
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қызымды қол жұмсауға итермеледі»: 17 жастағы оқушының отбасы әділ тергеу талап етті Сотта Ұлдана Мырзуанның анасы жылап мән-жайды айтып берді Әлеуметтік желілерде не жазуға болмайды: судья ең жиі кездесетін қателіктерді атады Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді «Қызымды қол жұмсауға итермеледі»: 17 жастағы оқушының отбасы әділ тергеу талап етті Сотта Ұлдана Мырзуанның анасы жылап мән-жайды айтып берді Әлеуметтік желілерде не жазуға болмайды: судья ең жиі кездесетін қателіктерді атады Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді

    Халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысына қолдау білдіреді – медиа кеңістікті мониторинг нәтижелері

    Халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысына қолдау білдіреді – медиа кеңістікті мониторинг нәтижелері

    Қазақстан Интернет қауымдастығының төрағасы Шавкат Сабиров Facebook парақшасында mediametrics.kz сервисі негізінде онлайн медиа мен әлеуметтік желілерді мониторингтеу нәтижелерін жариялады:

    «Әр 5 секунд сайын біз 1500-ден астам онлайн медиадан мәліметтер аламыз. Біз Қазақстандағы АЭС құрылысы бойынша референдум тақырыбында ақпараттық кеңістікті талдаудан өткіздік», – деп атап өтілген жарияланымда.
    Атап айтқанда, Ш.Сабиров 16-22 қыркүйек аралығындағы апта бойы жүргізілген мониторинг деректерін ұсынды. Іздеу үшін таңдалған негізгі кілт сөздер: «АЭС», «энергетикалық тапшылық», «атом электр станциясы», «ядролық энергия», «бейбіт атом», «атом реакторы», «референдум», «Үлкен ауылы» және т.б.
    Нәтижесінде қызмет 3 мыңнан астам жарияланымды тіркеді, олардың шамамен 80%-ы бейтарап, 18%-ы оң, ал қалған 2%-ы теріс сипатта.
    Әлеуметтік желілерде көрсеткіштер әлдеқайда жоғары: 80 мыңнан астам ескерілімдер тіркелген, олардың көпшілігі бейтарап (82%), 16%-ы оң, 2%-ы теріс сипатта болған.
    Сондай-ақ, жарияланымда онлайн медиадағы негізгі талқыланған тақырыптар атап өтілді:
    — электр энергиясы тапшылығы мәселесі;
    — АЭС-ті қауіпсіз және сенімді пайдалану;
    — елдің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру (орта және ұзақ мерзімді перспективада);
    — экономиканы, ғылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту;
    — елдің экономикалық өсуіне бағытталған энергетикалық әлеуетінің артуы;
    — білім беру және «атом энергетикасы» жаңа саласын қалыптастыру;
    — ядролық медицинаны дамыту.
    Зерттеу қорытындысында автор медиа кеңістікте сарапшылар, қоғам белсенділері, депутаттар мен белгілі тұлғалардың белсенділігін, АЭС құрылысына қолдау көрсету бойынша Республикалық штаб қызметінің кеңінен насихатталғанын және АЭС тақырыбының (онлайн медиа жарияланымдарының 30%-дан астамы) ақпараттық кеңістікте басым болғанын атап өтті. (Басқа тақырыптар: әскер реформасы, күштік құрылымдардағы өзгерістер, кейбір банктердегі мәселелер, суицид және т.б.).

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →