Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады •

    Астанада әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткен

    Астанада әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткен

    Әлеуметтік желіде астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт маңында тұрған әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке cілтеме жасап.

    Оқиға Бұқар жырау тұрғын үй кешенінде болған.

    Денсаулық сақтау басқармасындағылар ақпаратты растады.

    «27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туылған әйелді жеткізді. Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шегушінің миы шайқалғаны анықталды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

    Астана полиция департаменті пікір білдіруге уәде етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →