Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    «Анасына ренжіп, көшіп кеткен»: Дәулет Мұқаев анасына жазба арнап, көпшілікті жылатты

    «Анасына ренжіп, көшіп кеткен»: Дәулет Мұқаев анасына жазба арнап, көпшілікті жылатты

    Фото: Stan.kz

    Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев марқұм анасын еске алып, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    “Анасыз өткен 60 күн. Жаным, анам жүзіңізден мейірім төгілген қандай жан едіңіз?! Иә, бұл өмірде бәріміз жолаушымыз. Баратын жеріміз бір. Сол мекеніміз жұмақтан болсын! Өлшеулі ғұмыр, өлшеулі уақыт. Былтыр әкемді қаратуға Түркияға барғанда, анам тексерілмеді. Өзекті өртейтін өкініш. “Неге мен қасында болмадым, неге тексертпедім” деп өкінемін. Ерте тексеруден өткенде ауру асқынбас еді.

    Осылай жазба жарияласам, көп адамның анасымен қарым-қатынасының жақсартуына себепкер болады екенмін. 60 күннің ішінде қаншама адам анасын шетелге қыдыртып, түрлі сыйлық жасады. Тірісінде ата-ананы қадірлеуді үйреніп жатыр. Бір оқырман хаты есімнен кетпейді. Анасына ренжіп, басқа қалаға көшіп кетіп, анасымен байланысын үзіпті. Менің жазғандарымды оқып, анасынан кешірім сұрапты. Қазір анасының жанында. Қайта қауышқанын естіп қуандым. Ұзын-сонар хат жазыпты. Осының өзі сауап іс емес пе?”, – деп жазды Дәулет Төлеутайұлы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →