Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады •

    Павлодарда КСРО төлқұжатымен жүрген 12 адам анықталды

    Павлодарда КСРО төлқұжатымен жүрген 12 адам анықталды

    Фото: gov.kz

    Павлодар облысының көші-қон қызметі 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен тұрып келген тұрғындарды анықтады. Олардың дені – ертеректе ТМД елдерінен көшіп келген азаматтар, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ертіс-Баян өңірінің полицейлері ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмаған және 18 жасқа толғанда тиісті құжатталмаған адамдарды анықтады. Олардың кейбірі ескі кеңестік төлқұжатпен өмір сүріп келген.

    — Жыл басынан КСРО үлгісіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 12 павлодарлық анықталды. Бұған қоса 18 жасқа толса да жеке куәлік ресімдемеген 20 азамат, сондай-ақ азаматтығы жоқ, бірақ куәлік ресімдемеген 8 тұрғын анықталды. Олардың барлығына тиісті құжаттары жасалды. Құжаты жоқ адамдардың дені ТМД-дағы өзге мемлекеттерден келгендер, олар сол елдің жарамдылық мерзімі өткен төлқұжатымен жүрген. Көбі КСРО-ның бұрынғы одақтас мемлекеттерінен кәмелет жасына толмай тұрып Қазақстанға көшіп келген, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

    Аталған азаматтардың тиісті құжаты болмағандықтан олар осы уақытқа дейін түрлі жәрдемақылардан қағылып, мемлекеттік қызметтерді алудан қиындық көріп келген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →