Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды •

    Израиль енді Ливан жеріне басып кірмек

    Израиль енді Ливан жеріне басып кірмек

    Фото: AP

    Израиль Ливанға басып кіріп, шекарадан бірнеше шақырым қашықтықта буферлік аймақ құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Economist әскери дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жоспарды орындау мақсатында ЦАХАЛ шамамен бір ай бұрын Газада болған екінші дивизияны солтүстікке жібергенін жариялады. Жауынгерлік бөлімдер сенбі күні солтүстіктегі базаларда жаттығуды бастады, бірақ шекараға жақын шоғырланған жерлерде әлі жинала қойған жоқ.

    «Жер үсті шабуыл жоспарлары дайын. Алайда оны орындау үшін күшіміз жеткілікті деп айтуға әлі ерте», — деді дайындыққа қатысқан бір запастағы офицер.

    Израильдің соңғы қадамдарының артында оның жоғары әскери және саяси эшелондарындағы келіспеушіліктер жатыр, деп атап өтті басылым.

    «Кейбіреулер Израиль Хезболла қатарындағы хаосты пайдаланып, аумақты тезірек басып алу керек деген ойда. Қорғаныс министрі Йоав Галантты қоса алғанда, генералдар керісінше «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, қазіргі, біртіндеп шабуылдау стратегиясын қолдайды, олар Хезболлаға өз ұстанымын қайта қарауға және шегінуге мүмкіндік береді деп үміттенеді. Премьер-министр Беньямин Нетаньяху Солтүстік тұрғындарын үйлеріне қайтаруға уәде берді», — делінген мақалада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →