Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді •

    «11 адам зардап шекті». Оралда жеңіл көлік автобусқа соқты

    «11 адам зардап шекті». Оралда жеңіл көлік автобусқа соқты

    Фото: «Мой город» басылымы 

    Бүгін, 17 қыркүйекте Орал қаласында жолаушылар автобусы мен Nissan Teana көлігі қиылыста соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «Мой город» басылымын сілтеме жасап. 

    Басылым мәліметінше, оқиға 17 қыркүйекте таңғы сағат 09:20-да Алаш пен Светлая көшелерінің қиылысында болған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, көше қиылысында №1 бағдар бойынша жүретін Next маркалы газельге Nissan Teana көлігі соқтығысқан.

    «Жол-көлік оқиғасы салдарынан Nissan Teana жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ жолаушылар автобуының 8 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.

    «Батыс Дилижан» ЖШС автобус паркінің басшысы Владимир Юркевичтің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, Nissan Teana жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен.

    «Біз әлі ештеңе білмейміз. Оннан астам жедел жәрдем көлігі келді. Шағын автобус жүргізушісі наркологиялық диспансерге тексерілу үшін жеткізілді. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Барлығын алып кетті. Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол өз жолағында келе жатқан, жолаушылар көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Оның айтуынша, жылдамдық жоғары болған», — деді автобус паркінің басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →