Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты • Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттарды таратты • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты • Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттарды таратты •

    Атырауда 28 жастағы әйелді мопед қағып өлтірді

    Атырауда 28 жастағы әйелді мопед қағып өлтірді

    Атырау қаласында мопед жүргізушісі түн ортасында 28 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел облыстық ауруханада көз жұмды.

    Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте түнгі уақытта болған.

    «Атырау қалалық Полиция басқармасына 11 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында мопед жүргізушісінің жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабар түсті. Жол-көлік оқиғасы шаһардағы Ш.Уәлиханов-Г.Канцев көшелерінің қиылысында болғаны анықталды. Мопедтің рулінде 21 жастағы жүргізуші болған. Әйел аталған көшелердің қиылысында жолдың жаяу жүргіншіге арналмаған тұсынан өтіп бара жатқан. Сол кезде оны мопед қаққан», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Жол-көлік оқиғасынан түрлі жарақат алған әйел жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда зардап шеккен 28 жастағы әйел алған жарақатының салдарынан олыстық ауруханада қайтыс болған.

    «Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр. Облыс тұрғындары мен жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтауды ескертеміз», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →