Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады •

    Қос балуанымыз әлем чемпионатының алтынына таласады

    Қос балуанымыз әлем чемпионатының алтынына таласады

    Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қос балуаны 20 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен екі балуанымыз алтын жүлде үшін белдеседі. 67 келі салмақта сынға түскен Юсуп Ашрапов Украина мен Грузия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түсті. Енді ол алтын жүлде үшін сында ирандық Ахмадреза Мохсен Нежадқа қарсы күреседі.

    Сондай-ақ, 82 келідегі Ислам Евлоев та қарсыластарынан басым түсіп ақтық сынға шықты. Исламның жартылай финалдағы қарсыласы кілемге шықпай қалды. Енді ол финалда түркиялық Альперен Бербермен белдеседі.

    Айта кетейік, бұған дейін қос балуанымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →