Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты •

    Иран Раисидің тікұшағы апатына қатысты тергеуді аяқтады

    Иран Раисидің тікұшағы апатына қатысты тергеуді аяқтады

    Иран президенті Ибрахим Раиси қаза тапқан тікұшақ апатын зерттеген комиссияның қорытынды есебіне сәйкес, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    63 жастағы Раиси мен қасында еріп жүрген ресми тұлғалар мінген тікұшақ 19 мамырда Иранның солтүстік-батысында тұман басқан тау баурайына құлаған. Салдарынан президент пен тағы жеті адам қаза тапты.

    Есепте апаттың «аймақтағы қиын климаттық жағдайларға» байланысты орын алғаны және тікұшақтың тауға соқтығысуына «қалың тұманның кенеттен пайда болуы» себеп болғаны айтылған.

    Раиси Америкада шығарылған Bell 212 тікұшағымен ұшқан.

    Ол Әзербайжанмен шекаралас Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясынан қайтып келе жатқан.

    Фото: пресс-служба президента РФ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →