Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Израиль АҚШ-қа Иранның Трампқа қастандық жоспары туралы барлау дерегін берді Түркістанда балалар ауруханасын тарақан басып кеткен Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Израиль АҚШ-қа Иранның Трампқа қастандық жоспары туралы барлау дерегін берді Түркістанда балалар ауруханасын тарақан басып кеткен Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады

Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады

Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады

Фото: Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, Үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды.

Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5-7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр.

Мемлекет басшысы Үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика