Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды •

    Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны күрт артты

    Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны күрт артты

    Биыл Қазақстанда өкпе қабынуына шалдыққандардың саны айтарлықтай өскен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта елімізде пневмонияның 49 мың 704 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 19,2 пайызға артық. Мамандар қалыптасқан жағдайды әлем бойынша омикрон штамының әлі де басымдық көрсетіп тұрғанымен байланыстырады.

    Ал көршілес Ресейде COVID-19 өршіді. Өткен аптада коронавирусқа шалдыққандардың саны 30 пайызға артты. Бір жұманың ішінде дерттен 14 адам қаза тапқан. Ресейдің 59 аймағында аталмыш ауру түрінің таралуы байқалған. 5-11 тамыз аралығында осы диагнозбен 1100 адам ауруханаға жатқызылған.

    Сондай-ақ Оңтүстік Корея жұрты үшін де қауіп төніп тұр. Өйткені, тамыздың соңында бұл мемлекетте коронавирустың таралуы шарықтау шегіне жетуі мүмкін. COVID-19-ға шалдыққандардың саны маусымның соңынан бастап өскен. Мәселен тамыздың бірінші аптасында 861 адам ауруханаға түсті. Ал емханаға жатқызылған 12 мың 410 науқастың жартысынан көбі 65 жастан асқан азамат екен.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →