Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Дауыл соғып, бұршақ жауады. Қазгидромет ескерту жасады

    Дауыл соғып, бұршақ жауады. Қазгидромет ескерту жасады

    Қазгидромет 4 тамызда Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Жетісу облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

    Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Астанада таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңлтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі.

    Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →