Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті •

    БҚО-ғы тікұшақ апатының болжамды себебі аталды

    ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тікұшақ апатының ықтимал себебін атады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    «Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақ пайдалануда көп болмаған, яғни жаңа техника екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар оны жөндеу іс-шаралары да уақытылы өткізілген. Бұл оқиға бойынша деректер тексеріледі. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі кезде апатқа ауа райы әсер етуі мүмкін деген себеп қаралып жатыр. Сондықтан комиссия жұмысы нәтижесінде нақты себебі анықталады», — деді М. Пішембаев Сенат кулуарында.

    Еске салсақ, 23 ақпанда «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонды.

    Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. ТЖМ апат құрбандарының аты-жөнін жариялады.

    Бұдан бұрын тікұшақтың аман қалған жолаушылардың бірі – «Қазавиақұтқару» инженері Сергей Щеглов апаттың егжей-тегжейін айтып берген болатын.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →