Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде •

    Қонаевта қашқын сарбаздар қамауға алынды

    Қонаевта қашқын сарбаздар қамауға алынды

    Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында басшының бұйрығына бағынбаған екі сарбазға қатысты әкімшілік іс қаралды.

    Іс құжаттарына сәйкес, биыл 8 шілдеде аталған азаматтар күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жөніндегі аға сержанттың ауызша бұйрығын елеместен, сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткен.

     

    Сот қаулысымен Н. және М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – делінген сот хабарламасында.

     

    Әскери бөлімде осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот отырысы сарбаздардың қызметтестерінің қатысуымен өтті.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →