Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді •

    Бишімбаев ісі арқылы танылған үш адвокат та тегін қорғап жатыр — Дана Әтешова

    Бишімбаев ісі арқылы танылған үш адвокат та тегін қорғап жатыр — Дана Әтешова

    Бишімбаев ісі арқылы танылған адвокаттар Дана Әтешованың мүддесін тегін қорғайды. Бұл туралы Әтешованың Massaget.kz берген сұхбатында белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Марат Әйтенов Дана Әтешова мен балаларын күшпен үйден шығарып жібергені қоғамда резонанс тудырғаннан кейін істі елге танымал адвокаттар қолға алғаны белгілі. Олар ақы сұрамай, тергеу процесіне белсене араласып кеткен.

    «Жанна Оразбахова, Дамир Ишмаметов, Әлия Омарова секілді адвокаттар бұл іске тегін кірісті. Көп рақмет айтқым келеді», — деді Дана Әтешова.

    Марат Әйтеновке қарсы істе Дананың мүддесін қорғап жатқан адвокаттардың бірі Дамир Ишмаметов қазіргі жағдай туралы айтты.

    Адвокат қазір тараптар істің барысымен танысып жатқанын, Қылмыстық кодекстің 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша сотқа жіберілетінін мәлімдеді.

    «Әріптестерімізбен Дананың мүддесін ( pro bono — қайырымдылық, қоғамдық және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз негізде кәсіби көмек көрсету) ақысыз негізде қорғаймыз. Балалар әкесінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккенін көргенде бей-жай қарай алмадық. Дана қазір заңға сәйкес некеде тұрған кездегі мүлікті бөліскісі келеді», — деді Дамир Ишмаметов.

    Фото: Дана Әтешованың желідегі парақшасынан

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →