Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты •

    Алматыда жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші мерт болды

    Алматыда жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші мерт болды

    Фото: pixabay

    Алматыда түнгі уақытта жеңіл көліктер соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Әуезов ауданында болған.

    — Бұл жол-көлік оқиғасы бүгін түн жарымда Алматының Әуезов ауданында болған. Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан «БМВ» маркалы көліктің жүргізушісі сол жақ қатарда тұрған «Ниссан» маркалы көлігін соғып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі — 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

    Еске салайық, 16 шілде күні Алматыда тағы бір автобус жол-көлік оқиғасына ұшырап, 9 адам зардап шеккен болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →