Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар •

    Ұлытау облысында әйелді екі баласымен көлік қағып кеттІ: Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды

    Ұлытау облысында әйелді екі баласымен көлік қағып кеттІ: Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды

    Фото: kaztag.kz

    Жезқазған-Сәтбаев тас жолындағы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі баласы бар әйелді көлік қағып кетті. Қайғылы жағдай “Восток” кооперативіндегі “Дача” аялдамасының жанында болған.

    3 жастағы баласын жетектеп жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелдің жанында жаңа туған нәрестесі де болған. Жол апатына 36 жастағы жүргізуші себеп болған. Ауыр жарақат салдарынан 3 жастағы бала оқиға орнында тіл тартпай кетті.

    “Әйел мен сәби ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

    Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Водомстводағылар көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға шақырды.

    Бұған дейін Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 9 адамның зардап шеккені туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →