Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 31 шілде 2026 $ 475,4 544,6 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тайландта 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Романың іздеуі жалғасуда: жаңа мәліметтер ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді Биржада доллар бағамы арзандады «Кім бақытты болғысы келмейді?!»: Наркенже Серікбаева ажырасқан қыздарды қолдады Қарағанды-Жезқазған жолы: Апатты тасжол мен «ҚазАвтоЖолдың» жамау-жасқауы халықты әбден мезі қылды Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр? Тайландта 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Романың іздеуі жалғасуда: жаңа мәліметтер ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді Биржада доллар бағамы арзандады «Кім бақытты болғысы келмейді?!»: Наркенже Серікбаева ажырасқан қыздарды қолдады Қарағанды-Жезқазған жолы: Апатты тасжол мен «ҚазАвтоЖолдың» жамау-жасқауы халықты әбден мезі қылды Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр?

    «Күйеуім де, қызым да, ұлым да уақытша…»: Жазира Байырбекова әсерлі жазба жариялады

    «Күйеуім де, қызым да, ұлым да уақытша…»: Жазира Байырбекова әсерлі жазба жариялады

    Фото: Егемен Қазақстан

    Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады.

    Өнер иесі сабырлылығының сыры жайлы сұраған оқырманына жауап берген.

    «Өмірдің уақытша екенін ұмытпау керек. Тіпті күйеуім де, ұлым да, қызым да. Әркімнің жақсы көруі, құрметтеуі, қамқорлығы өз қалауымен болса жақсы, болмаса мәжбүрлемеу керек. Ешкімнің маған ештеңеге міндетті емес екенін білемін. Жамандар жаман болайын демейді, жай, болмысы солай. Ешкімге пайдасы жоқ адамдар миына, жүрегіне мейірімділік салмағаннан. Адамның миына идеяларды Алла тағалам салады. Бір адамның ұнамайтын қасиеттерін көргенде сол адамның бойынан жақсы қасиетті іздеп табуға тырысамын. Сабырлылығымның сыры – жақсы қасиеті жоқ, негативтерімен шаршататын адамнан (туысым болса да) алыс жүру. Маған бұйырған несібе ешқайда кетпейді. Мені алдаған, маған қиянат жасағысы келетін, мені сыртымнан жамандап сөгетін адамдарды Аллаға тапсыру. Кез келген жетістікті, жақсылықты, несібені өзімнің өнерім, өзімнің еңбегім демей, Алланың беріп жатқанын сезіну. Біреу баладан, біреу күйеуден, біреу бауырдан, біреу қайын жұрттан, біреу достарынан, біреу қызметінен бақыт көреді. Адам өмірінде барлығы идеально болмайтынын түсіну. Мені сабырлы ететін осы ойларым шығар», — деді әнші.

    Алайда өнер иесінің бұл ұстанымын психолог мамандар құптамайды екен.

    «Менің кей ұстанымдарым мамандардың айтуынша, денсаулығыма зиян екен. Бәрін кешіріп, бәрін ақтап алып жүре бермей, арасында ұрысып, ренжитін жағдайда ренжіп айтып тастауым керек екен. Әрбір адам – бұл өмірдің актері. Рольге енбейтін жаңа туған сәби ғана!» — деп жазды Жазира Байырбекова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →