Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапаттан құр қалғанын айтты • 85 мыңнан 110 мыңға: ең төменгі жалақыны көтерудің бағасын кім төлейді және ол бағаны өсіре ме? • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапаттан құр қалғанын айтты • 85 мыңнан 110 мыңға: ең төменгі жалақыны көтерудің бағасын кім төлейді және ол бағаны өсіре ме? • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты •

    Пара алған: Антикор өзінің бұрынғы қызметкеріне халықаралық іздеу жариялады

    Пара алған: Антикор өзінің бұрынғы қызметкеріне халықаралық іздеу жариялады

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі өзінің бұрынғы қызметкеріне халықаралық іздеу жариялады.

    Агенттік мәліметінше, 45 жастағы Қазақстан азаматы Дәуренбек Аманқұлұлы Қожабаевқа «пара алу» бабы бойынша айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктінің қайда екенін туралы ақпарат бергені үшін сыйақы берілетінін мәлімдеді.

    Ашық дереккөздерге сүйенсек, Дәуренбек Қожабаев 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    “Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33 нөмірлеріне хабарлау қажет”, – делінген хабарламада.

    Агенттік іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік берілетінін атап өтті.

    Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында экс-шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқуының ақшасын төлеуге мәжбүрлегені туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →