Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды •

    Қырғызстанда күшті сел бір үйдің 5 адамын ағызып әкетті

    Қырғызстанда күшті сел бір үйдің 5 адамын ағызып әкетті

    Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде 5 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті, деп хабарлады 24.kg.

    Ош қаласының «Молбұлақ» демалыс орталығында демалып жатқан 5 адамды тасқын су алып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде қала мэриясының басшысы Жұмамидин Сулайманқұлов мәлімдеді.

    «Сондай-ақ ағын су 7 көлікті ағызып әкетті, оның төртеуі табылды», — дейді ол.

    Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды.

    ТЖМ-нің алдын ала ақпараты бойынша, су тасқынында жоғалып кеткен адамдар – бір отбасының мүшелері, яғни 44 жастағы әйел мен оның 19, 8 және 6 жасар 3 қызы. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында 46 құтқарушы жұмыс істеуде. 420 адам эвакуацияланған.

    Ош облысы аумағындағы күшті селден кейін Қарасу аудандық электр желілері үзіліп, 7,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды. Су тасқыны 8 электр тірегін шайып кетті. Қазір қалпына келтіру жұмысына 26 адам және 6 арнайы техника жұмылдырылған. ТЖМ мәліметіне сенсек, 134 үйді су басып, 17 үйдің қоршауын қиратқан.

    Селден зардап шеккен 30 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 17-сіне жергілікті жерде көмек көрсетілді. 9 адам қалалық клиникаға, 4 адам облыстық ауруханаға жатқызылған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →