Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды •

    Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегастағы жекпе-жегі алдында есінен танып, ауруханаға түсті

    Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегастағы жекпе-жегі алдында есінен танып, ауруханаға түсті

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста екі чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу сәтінде есінен танып, ауруханаға түсті. Спортшының жағдайына байланысты жекпе-жек өткізілмейтін болды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Боксшының жағдайы ағзасының қатты шаршауына байланысты күрт нашарлаған. Спортшының командасы кейін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.

    «Құрметті бауырлар! Жекпе-жек болмайтыны туралы жаңалықты оқығаннан кейін қамығып қалғандарыңызды білеміз. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген көптеген жанкүйерлер біздің өнерімізді асыға күтті. Сондай-ақ рингте қазақ стилін көрсетуге бар күшімізді салдық. Алайда, көптеген спортшылар сияқты, біз де салмақ түсіруде қиындықтарға тап болдық. Біз мұндай мәселеге бірінші рет кезігіп отырмыз. Бұл оңай емес, ауруханада түнедік. Қазір Жәнібектің жағдайы тұрақталды. Денсаулық бірінші орында. 2-3 айдан кейін қалпына келтіріп, рингке оралайық!»- делінген хабарламада.

    13 шілдеде (Астана уақыты бойынша 14 шілде күні таңертең) Лас-Вегаста бокс кешінің басты оқиғасы Жаңа Зеландиядан келген Андрей Михайлович пен әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі болуы тиіс еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →