Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кемі 10 қызды өлтіріп, етін жеген каннибал Жұмағалиев жатқан клиника тексерілмек Семейде жылу құбыры жарылған ба: ыстық су ағып жатыр Республика сарайында кездесеміз: түркиялық атақты актер Сұлтан Сүлеймен Алматыға келеді «Неткен бақыт!»: Мадияр Серікбаев Құранды жаттап шыққан қызына пентхаус сыйлады (ВИДЕО) Президент тапсырмасына сәйкес Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады 30 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа температурасы ыстық болады Кемі 10 қызды өлтіріп, етін жеген каннибал Жұмағалиев жатқан клиника тексерілмек Семейде жылу құбыры жарылған ба: ыстық су ағып жатыр Республика сарайында кездесеміз: түркиялық атақты актер Сұлтан Сүлеймен Алматыға келеді «Неткен бақыт!»: Мадияр Серікбаев Құранды жаттап шыққан қызына пентхаус сыйлады (ВИДЕО) Президент тапсырмасына сәйкес Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады 30 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа температурасы ыстық болады

    Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды

    Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды

    Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғанстан Ислам Республикасының азаматы Х.М.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы),  297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен (есірткі ж.б. өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемден, сақта, тасымалда, жөнелту не өткізу) айыпталған.

    Сотта Х.П. Ауғанстан Ислам Республикасының басқа азаматтарымен алдын-ала сөз байласу арқылы ҚР шекарасынан жүк көлігімен аса ірі мөлшерде 3 келіден аса метамфетамин психотроп затын «Кола» сусынының ыдысына жасырып құйып, заңсыз өткізгені анықталды.

    Одан әрі осы психотроп заттарды заңсыз өткізу мақсатында Ресей Федерациясына тасымалдамау кезінде оны Шымкент қаласы бойынша ҰҚК-нің қызметкерлері құрықтаған.

    Прокурор Х.М.П.-ға түпкілікті 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы Х.М.П. тағылған айыпты толық мойындады және жазаны жеңілдетуді сұрады.

    ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігінің санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.  ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →